Алиастар құру
Егер веб-сайтыңыз бірнеше домен мекенжайын пайдаланса, оларды баптаулар арқылы бүркеншік аттар, яғни алиастар ретінде баптай аласыз. Ол үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Сайтыңыздың карточкасына курсорды апарып, «Опции» (Опциялар) тармағын таңдаңыз.
2. «Основные» (Негізгі) бөліміндегі «Псевдонимы» (Бүркеншік аттар) блогында алиас мекенжайларын көрсетіңіз. Мысалы, сайтыңыз сервердің IP-мекенжайы арқылы да ашылуын қаласаңыз, оны осы жерде көрсетіңіз.
Алиастардан келген барлық сұраныстар негізгі мекенжайға қайта бағытталуы қажет болса:
- «Редиректы» (Редиректтер) қойындысына өтіңіз.
- Тізімнен қажетті мекенжайды таңдап, өзгерістерді сақтаңыз.