Көмек

Microsoft IIS 7.x үшін CSR генерациялау

  1. Internet Information Services қызметін іске қосыңыз. «Панель управления» («Басқару тақтасы») - «Администрирование» («Әкімшілендіру») - «Диспетчер служб IIS» («IIS қызметтер диспетчері») бөлімін ашыңыз
  2. Серверіңізді таңдаңыз.

    Сервер

  3. Орталық бөлікте «Сертификаты сервера» («Сервер сертификаттары», Server Certificates) тармағын таңдаңыз.

    Бастапқы бет
  4. Оң жақта орналасқан «Действия» («Әрекеттер», Actions) мәзірінде
    «Создать запрос сертификата» («Сертификат сұранысын құру», Create Certificate Request) сілтемесін тінтуірмен басыңыз.
    CSR құру шеберінің терезесі ашылады.

    Сервер сертификаттары

  5. Ұсынылған өрістерді латын таңбаларымен толтырыңыз:
    • Сервердің толық аты;
    • Ұйымның латынша атауы немесе сертификат ұйымға емес, жеке тұлғаға тапсырыс берілсе, оның аты-жөні;
    • Бөлімше атауы (міндетті емес өріс);
    • Орналасқан қала, облыс (өңір) және ел
    • Латын емес таңбаларды пайдалануға жол берілмейтініне тағы да назар аударамыз.
    • Өрістерді толтырғаннан кейін келесі қадамға өтіңіз.
  6. «Поставщик служб шифрования» («Шифрлау қызметтерінің провайдері») ашылмалы тізімінен «Microsoft RSA SChannel Cryptographic Provider» таңдап, кілт ұзындығын кемінде 2048 етіп көрсетіңіз

    Microsoft RSA SChannel Cryptographic Provider

  7. Келесі қадамда CSR файлыңыздың атын енгізіп, шебердің жұмысын «Готово» («Дайын»)

    Сертификат сұранысы файлының аты
    түймесін басып аяқтаңыз.

Сертификатқа тапсырыс беру кезінде құрылған файлды
кез келген мәтіндік редактормен ашып, оның мазмұнын
тапсырыс нысанына толығымен көшіру қажет болады.

Сұрақтарыңыз бар болса, жазыңыз