VestaCP-де электрондық поштаны баптау
VestaCP панелі бар серверде поштаны баптаймыз: пошта домені мен пошта жәшігін құрамыз, домен үшін қажетті DNS баптауларын орындаймыз.
Пошта доменін қосу
Пошта домендері мен жәшіктерін басқару үшін MAIL бөліміне өтіңіз.
Мұнда WEB бөлімінде қосқан домендеріңіз бар; сондай-ақ қосу белгішесін басып, жаңа пошта доменін қосуға болады.
Доменді қосқанда DKIM тармағын міндетті түрде белгілеңіз.
Егер домен WEB арқылы қосылып қойған болса, DKIM опциясының қосулы екеніне көз жеткізу үшін «Редактировать» («Өңдеу») түймесін басуға болады.
Пошта жәшігін құру
Курсорды қажетті домені бар өріске апарып, «Добавить аккаунт» («Аккаунт қосу») түймесін басыңыз.
«Аккаунт» өрісінде жәшіктің атын (@ белгісінің алдында көрсетілетін ат; мысалы, admin, info, support және т. б.) көрсетіңіз, сондай-ақ құпиясөзді көрсетіңіз.
«Дополнительные опции» («Қосымша опциялар») басып, пошта квотасының көлемін, жәшікке арналған бүркеншік аттарды (алиастарды) және поштаны қайта жіберуді бірден баптауға болады.
Домен үшін DNS жазбаларын баптау
MX
- 1host.kz/bill/ панелінде Домены («Домендер») бөліміне өтіңіз.
- Қажетті доменнің жанындағы тісті дөңгелек белгішесін басып, Настройки DNS («DNS баптаулары») тармағын таңдаңыз.
- Жаңа MX-жазба құрыңыз немесе қарындаш белгішесін басып, бар жазбаны өңдеңіз. Мән ретінде доменіңізді көрсетіңіз, мысалы:
- Басқа MX-жазбалар құрылған болса, оларды жойыңыз.
SPF
SPF-жазбада доменіңіздің атынан хат жіберуге рұқсат етілген серверлердің тізімі көрсетіледі.
SPF баптау үшін:
- 1host.kz/bill/ панелінде Домены бөліміне өтіңіз.
- Қажетті доменнің жанындағы тісті дөңгелек белгішесін басып, Настройки DNS тармағын таңдаңыз.
- Егер «v=spf1» параметрі бар TXT-жазба бұрыннан бар болса, оны қарындаш белгішесін басып өңдеу керек. Мұндай жазба әлі жоқ болса, жоғарғы оң жақтағы «Добавить DNS-запись» («DNS-жазба қосу») түймесін басып, «TXT» тармағын таңдау керек.
- DNS-жазбаны баптау терезесінде «Хост» өрісін бос қалдырыңыз. «Значение» («Мән») өрісіне 1.1.1.1 орнына серверіңіздің IP-мекенжайын қойып, келесі жазбаны көрсетіңіз:
v=spf1 ip4:1.1.1.1 a mx ~all
DKIM
- DKIM-ді консоль арқылы құрыңыз:
- Серверге SSH арқылы қосылып, консольде келесі пәрменді орындаңыз:
v-list-mail-domain-dkim USER DOMAIN
USER орнына домен қосылған пайдаланушының атын, DOMAIN орнына пошта құрылатын доменнің атын көрсетіңіз. Мысалы:
v-list-mail-domain-dkim admin mydomain.com
Пәрмен нәтижесінде private key және public key шығарылады.
- public key-ді — BEGIN PUBLIC KEY мен END PUBLIC KEY арасындағы бүкіл мәтінді көшіріп алыңыз:
- Доменге DKIM жазыңыз:
- 1host.kz/bill/ панелінде Домены бөліміне өтіңіз.
- Доменіңіздің жанындағы тісті дөңгелек белгішесін басып, Настройки DNS тармағын таңдаңыз.
- Егер «v=DKIM1» параметрі бар TXT-жазба бұрыннан бар болса, оны қарындаш белгішесін басып өңдеу керек. Мұндай жазба әлі жоқ болса, жоғарғы оң жақтағы «Добавить DNS-запись» түймесін басып, «TXT» тармағын таңдау керек.
- DNS-жазбаны баптау терезесінде «Хост» өрісіне mail._domainkey көрсетіңіз. «Значение» өрісіне келесі DKIM-жазбаны қойыңыз:
Мысалы:
v=DKIM1; k=rsa; p=көшірілген_public_key_мазмұны
DMARC
- 1host.kz/bill/ панелінде Домены бөліміне өтіңіз.
- Доменіңіздің жанындағы тісті дөңгелек белгішесін басып, Настройки DNS тармағын таңдаңыз.
- Егер «v=DMARC1» параметрі бар TXT-жазба бұрыннан бар болса, оны қарындаш белгішесін басып өңдеу керек. Мұндай жазба әлі жоқ болса, жоғарғы оң жақтағы «Добавить DNS-запись» түймесін басып, «TXT» тармағын таңдау керек.
- DNS-жазбаны баптау терезесінде «Хост» өрісіне _dmarc көрсетіңіз. «Значение» өрісіне келесі DMARC-жазбаны қойыңыз:
v=DMARC1; p=none; aspf=r; sp=none
PTR
- VestaCP панелінде Сервер (Server) бөліміне өтіп, «Настроить» («Баптау») түймесін (тісті дөңгелек белгішесі) басыңыз.
- Имя хоста («Хост аты», Hostname) өрісіне доменіңізді көрсетіңіз. Пошта қызметіңіз хат жіберу кезінде осы атпен танылады.
- 1host.kz/bill/ панелінде Конфигурация қойындысына өтіңіз.
- «IPv4-адрес» («IPv4-мекенжай») өрісінде «Задать обратную зону» («Кері аймақты орнату») түймесін басып, доменіңізді осында да көрсетіңіз.
Пошта клиенті
VestaCP-де электрондық поштамен жұмыс істеу үшін Roundcube веб-интерфейсі қолданылады. Оған кіру үшін пошта домендерінің тізімінің үстінде орналасқан Открыть веб-почту («Веб-поштаны ашу») сілтемесі бойынша өтіңіз.
Roundcube-қа кіру үшін құрылған пошта жәшігінің атын және оған сәйкес құпиясөзді пайдаланыңыз.
Ықтимал қателер
Егер Roundcube арқылы хат жіберу кезінде Access denied - Invalid HELO name (See RFC2821 4.1.3) қатесі шықса, /etc/roundcube/defaults.inc.php файлына өзгерістер енгізу қажет болады.
Файлды редакторда ашып, келесі жолды табыңыз:
$config['smtp_helo_host'] = '';
Оны мынаған ауыстырыңыз:
$config['smtp_helo_host'] = 'localhost';
Қосымша баптаулар
VestaCP-де "Ловушка для почты" ("Пошта қақпаны") баптау мүмкіндігі де бар. Бұл функция доменіңіздегі жоқ мекенжайларға жіберілген хаттарды жинап, оларды сіз көрсеткен e-mail мекенжайына қайта жіберуге мүмкіндік береді. "Қақпанды" баптау үшін MAIL бөлімінде тиісті доменді таңдап, "Редактировать" түймесін басыңыз және жәшіктің атын көрсетіңіз.