KVM виртуализациясының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
ONEHOST.KZ компаниясы пайдаланушыларға KVM (Kernel-based Virtual Machine, ядро негізіндегі виртуалды машина) деп аталатын виртуализация түрі бар VPS қызметін ұсынады. Мұнда виртуализация мен KVM гипервизоры деген не және бұл ұғымдардың Ubuntu, CentOS және Debian орнатылған бұлттық серверге қандай қатысы бар екені түсінікті тілмен сипатталған.
Ұғымдар: виртуализация және гипервизор
Бір нақты құрылғыда — компьютерде немесе серверде — бірнеше виртуалды орта (машина) құру виртуализация деп аталады. Виртуалды ортаны құру үшін сервердің физикалық ресурстарын операциялық жүйелер арасында қайта бөлетін арнайы бағдарлама қажет. Бұл — гипервизор бағдарламасы. Ол бірнеше ОЖ-ға ортақ физикалық құрылғыда бір мезгілде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
KVM виртуализациясы және гипервизоры
KVM (Kernel-based Virtual Machine) — Linux ядросы негізінде жасалған аппараттық виртуализация технологиясы. KVM бағдарламасының көмегімен бір нақты физикалық серверде көптеген виртуалды машина құруға болады. KVM гипервизоры негізгі Linux ОЖ-ның процестерінің бірі ретінде жұмыс істейді. Бағдарлама барлық қонақ «операциялық жүйелерді» бақылайды, ал базалық ОЖ өз функцияларын қонақ ОЖ-ларға көшіріп, сервер ресурстарын басқарады.
KVM негізіндегі VPS-те виртуалды сервер үшін белгіленген тарифке сәйкес процессор ядролары анықталып, жедел жады мен қатты диск бөлінеді. KVM Virtualization қолдану кәдімгі физикалық сервермен жұмыс істеуден еш айырмашылығы жоқ. VPS пайдаланушы міндеттерін орындау үшін толық тәуелсіздік пен ресурстарды таңдау еркіндігін береді.
KVM мүмкіндіктері
KVM — VPS-пен жұмыс істеудегі ең танымал әрі сұранысқа ие заманауи шешімдердің бірі:
- ресурстардың көрші серверлерден тәуелсіздігі — KVM бөлінген серверде пайдаланылады;
- сервердің жеке ОЖ ядросы бар, бұл ортақ ядро жұмысының бұзылуына жол бермейді;
- сервердің күйін көшіру және сақтау мүмкіндігі;
- Linux ядросымен ресми өзара әрекеттесу;
- қонақ ОЖ-лар жабдықпен тікелей әрекеттесе отырып, жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді;
- әртүрлі қонақ ОЖ-ларды қолдау;
- виртуалды серверге Ubuntu, CentOS, Debian орнату мүмкіндігі;
- физикалық серверлердегідей кез келген БҚ орнатуға болады;
- VNC қолдауы;
- Docker орнату мүмкіндігі;
- iptables баптауға шектеулердің болмауы;
- қосымша модульдерді қосудың қажеті жоқ.
KVM негізіндегі серверлер процессорға мезгіл-мезгіл түсетін жоғары жүктемелер кезінде жақсы нәтиже көрсетеді. Бұл трафигі толқынды сайттарға кіргенде, жүктемесі жоғары веб-қосымшаларда байқалады. Бағдарлама өте тиімді, жоғары өнімділігі мен қорғанысы бар.