Көмек

Onehost.kz жеке кабинетімен (биллингпен) танысу

Onehost.kz сайтындағы жеке кабинетке авторизациядан өткеннен кейін мәзір арқылы жеке кабинеттің кез келген бөліміне өте аласыз. Соңғы жаңалықтарды, қолдау тикеттерін оқу және қызметтерді басқаруға кіру басты беттен де қолжетімді.

  • Услуги (Қызметтер) - хостинг, виртуалды сервер және басқа да ілеспе қызметтерді басқару беті;
  • Домены (Домендер) - домендерді және VPS үшін доменнің DNS-жазбаларын басқару беті;
  • Биллинг - мұнда төлеуге арналған шоттарыңыз сақталады, оларды төлеуге немесе бұрынғы төлемдерді қарауға болады;
  • Поддержка (Қолдау) - мұнда қолдау қызметіне жіберген барлық өтініштеріңіз сақталады;
  • Открыть тикет (Тикет ашу) - қолдау қызметіне жүгіну үшін осы мәзір тармағын басыңыз;
  • Партнёрство (Серіктестік) - бонустық бағдарлама, оны белсендіру, статистика және басқару;
  • Имя (Личные данные) (Аты-жөні, жеке деректер) - аккаунттың тіркеу деректерін басқару.

Onehost.kz жеке кабинетінде қызметтерді басқару

Белгілі бір хостинг қызметін басқару үшін қажетті қызметті басыңыз.

VPS қызметін басқару бетінде виртуалды серверіңізді іске қосып, тоқтата аласыз, жүктеме статистикасын қарай аласыз, сондай-ақ бүкіл VPS-тің сақтық көшірмелерін жасай аласыз.

Виртуалды хостинг қызметін басқару бетінде басты беттен жиі кездесетін тапсырмаларға қол жеткізе аласыз, ал толық басқару үшін сол жақ мәзірдегі “Вход в cPanel” (cPanel-ге кіру) сілтемесін басу керек

Cpanel басқару панелін пайдалану жөніндегі құжаттаманы осы жерден таба аласыз

FASTPANEL пайдалану жөніндегі құжаттаманы осы жерден таба аласыз.

Тарифтік жоспарды өзгерту

Тарифтік жоспарды өзгерту үшін қызмет карточкасында “Изменить план” (Жоспарды өзгерту) түймесін басыңыз

Содан кейін тарифтік жоспар мен төлем кезеңділігін таңдау керек.

Домендерді басқару

Жеке кабинетте жаңа доменді тіркеуге, трансфер жасауға немесе тіркеу мерзімін ұзартуға болады. Сондай-ақ домендеріңіздің DNS-жазбаларын басқара аласыз.

Жаңа доменді тіркеу үшін домен тіркеу мәзіріне өтеміз: “Домены” - ”Зарегистрировать домен” (Домендер – Доменді тіркеу), іздеу жолына қажетті домен нұсқасын енгізіп, оны себетке қосамыз.

Сервердің орналасқан жерін толтырамыз: егер хостингіңіз бізде болса, мекенжай мынадай болады: Алматы, Макатаев к-сі, 117.

Одан кейін доменіңіздің A, MX және басқа жазбалары қай DNS-серверде орналасатынын көрсететін NS-мекенжайларын енгіземіз. Егер хостингіңіз бізде болса, біздің NS-мекенжайларды көрсетуді ұсынамыз:

ns1.1host.kz
ns2.1host.kz
ns3.1host.kz

Содан кейін доменді VISA/Mastercard карталарымен, банктік аударым арқылы немесе Paypal арқылы төлейміз.

Биллинг бөлімі

“Биллинг” - “Мои счета” (Менің шоттарым) мәзір бөлімінде төлеуге арналған шоттарыңыз сақталады, оларды төлеуге немесе бұрынғы төлемдерді қарауға болады;

Қажетті шотты таңдап, оны басыңыз да, VISA/Mastercard карталарымен, банктік аударым арқылы немесе Paypal арқылы төлем жасаңыз.

Қолдау бөлімі

Қызметтеріңіздің жұмысына, төлемге қатысты кез келген сұрақты тәулік бойы тикет арқылы қоя аласыз, оны “Отправить тикет” (Тикет жіберу) мәзірінде жасауға болады

Тикеттеріңізді Поддержка - Тикеты (Қолдау – Тикеттер) бөлімінен көре аласыз.

Серіктестік бөлімі

Серіктестік бағдарламаны белсендіру, басқару, тартылған рефералдардың статистикасын нақты уақыт режимінде қарау.

Клиенттерді серіктестік бағдарламаға байланыстыру үшін клиент серіктестік сілтеме арқылы өтуі керек.
Сондай-ақ клиенттің аккаунты мен тапсырысы туралы ақпаратты бізге кез келген уақытта хабарлай аласыз, біз оны сіздің аккаунтыңызға қолмен байланыстырамыз. Ол үшін тапсырыс туралы ақпаратты көрсетіп, бізге тикет жазуыңыз керек.

Жеке деректерді басқару

Жеке деректерді өзгерту, қызметтеріңізді басқару үшін пайдаланушы қосу немесе құпиясөзді өзгерту үшін мәзірдің оң жағынан қажетті мәзір тармағын таңдаңыз.

Сұрақтарыңыз бар болса, жазыңыз