Көмек

Доменді VPS-ке қалай байлауға болады?

Доменіңізді виртуалды серверге (VPS) байлау үшін доменді тіркеуіңіз керек.

Егер домен бізде тіркелген болса, жеке кабинетте әдепкі name-серверлер (NS жазбалары) ONEHOST компаниясының DNS-серверлеріне орнатылғанын тексеріңіз:

ns1.1host.kz (185.253.8.122, 2a00:5da0:1:3002::4)
ns2.1host.kz (185.253.8.49, 2a00:5da0:1:3002::8)
ns3.1host.kz (185.185.49.107)

Name сервера

Содан кейін DNS Management — «Редактор DNS зоны» (DNS аймағының редакторы) бөліміне өтіп, таңдалған домен үшін A-жазба қосыңыз. 

VPS алғаш бапталған кезде ONEHOST техникалық мамандары алғашқы таңдалған доменді VPS-іңізге баптауы тиіс. 

DNS management

Редактор DNS зоны

VPS-іңіздің IP мәнін «Услуги» (Қызметтер) — [Сіздің VPS] бетінен қарауға болады.

Управление продуктом

Егер доменіңіз басқа компанияның басқаруында болса, NS-серверлерді біздікіне ауыстырып, DNS-жазбаларды ONEHOST кабинетінде басқара аласыз.

Немесе домен үшін VPS-іңіздің IP-адресіне A-жазба тіркеуге болады, оны да «Услуги» — [Сіздің VPS] бетінен қарай аласыз.

Сұрақтарыңыз бар болса, жазыңыз