Домендерді тіркеу және ұзарту құны өзгерді

Домендерді тіркеу және ұзарту құны өзгерді

Домендерді тіркеу және ұзарту құны .ҚАЗ, .KZ, .COM.KZ және .ORG.KZ аймақтарында өзгерді, енді ол 4 256 теңгені құрайды.

«Қазақ желілік ақпарат орталығы» (KazNIC) мекемесі, .KZ және .ҚАЗ қазақстандық интернет сегментінің домендік атауларын тіркеу органы ретінде, .ҚАЗ, .KZ, .COM.KZ және .ORG.KZ аймақтарында домендік атауларды тіркеу және ұзарту қызметтері үшін тарифтердің жоспарлы өзгеруі туралы хабарлады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін тарифтер:

  1. .ҚАЗ, .KZ, .COM.KZ және .ORG.KZ аймақтарында домендік атауды тіркеу — 1 жылға 4 256 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда).
  2. .ҚАЗ, .KZ, .COM.KZ және .ORG.KZ аймақтарында домендік атауды ұзарту — 1 жылға 4 256 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда).